457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтпаев пен Аида Әбікееваға «Дарын» сыйлығы табысталды

«Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.

Бүгін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті. Комиссия жұмысына мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.

Аталмыш байқау жеңімпаздары «Ғылым» номинациясы бойынша 64, «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15, «Классикалық музыка» – 27 үміткердің арасынан таңдалды.

Ал спорт бағыты бойынша боксшы, «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының нұсқаушы-спортшысы  Аида Әбікеева мен «Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа бұйырған.

Комиссия құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарына депутаттар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлері енді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қараша күні өтеді. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.

«Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.

Фото: El.kz интернет порталы