Мәзір
Жаңалықтар

Дастан Оразбеков Италиядағы толық Ironman жарысына қатысты

Сабина Асқарқызы 200 қаралым
Дастан Оразбеков Италиядағы толық Ironman жарысына қатысты

«Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков Италияда өткен Ironman жарысын толық еңсерген алғашқы қазақстандық әртіс атанды.

2025 жылдың 20 тамызында Италияның Червия қаласында өткен әлемдегі ең күрделі спорттық сынақтардың бірі – толық Ironman жарысында «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков қашықтықты сәтті бағындырды.

Осылайша ол Ironman жарысын толық еңсерген алғашқы қазақстандық өнер иесі атанды. Ironman сынағы үш кезеңнен тұрады: 3,8 км жүзу, 180 км велосипедпен жүру және 42,2 км марафонды жүгіру.

Әншінің ресми өкілінің айтуынша, бұл жетістік Дастан үшін тек спорттық нәтиже емес, өзіне қойған үлкен мақсат пен рухани жеңіс болған.

«Өмірге, іске және жақындарыма деген махаббат маған бұл сынақты еңсеруге күш берді», – дейді Дастан Оразбеков.

Бұл жетістік — табандылық пен ерік-жігердің символы. Дастан Оразбеков өз мысалымен қазақстандық жастарды спортқа, тәртіпке және денсаулықты күтуге шабыттандырды.

Айта кетейік, дәл қазір Астанада халықаралық Silk Way Star вокалдық байқауы өтіп жатыр. Үшінші эпизод артта қалып, жоба қызықты кезеңге ұласуда.

Фото: Дастан Оразбековтің жеке мұрағатынан

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар