Мәзір
Жаңалықтар

Дархан Теміралиев - III ТМД елдері ойындарының жеңімпазы 

Сабина Асқарқызы 106 қаралым
Дархан Теміралиев - III ТМД елдері ойындарының жеңімпазы 

Әзірбайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Мингячевир қаласында каратэ бәсекесінде отандасымыз Дархан Теміралиев -60 кг дейінгі салмақта топ жарды. Сонымен қатар тағы 3 отандасымыз жүлделі орыннан көрінді. Олар: 
Натали Касикова (ката) - күміс
Малика Абжанова (-50 кг) - қола 
Айшабибі Шарахан (-55 кг) - қола 

Ертең 2-жарыс күні Айжан Бәкірова (-61 кг), Нұрия Тізімбай (-68 кг), Асылай Савидова (+68 кг), Шыңғыс Тайлиев (-75 кг), Ғалым Асылхан (-84 кг), Диас Анарбеков (+84 кг) сынға түседі.

Осыған дейін II ТМД елдері ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасында өткен. Ол кезде каратэден Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізген.

Қазір Қазақстан құрамасы Әзірбайжандағы кешенде жарыста алтын медаль санын үшеуге жеткізді.

 

Фото: ДРС

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар