457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Данияр Елеусінов АҚШ-тан Қазақстанға қайта оралды

Қазіргі таңда спортшының елге оралуының нақты себебі ресми түрде айтылмады. 

Олимпиада чемпионы, танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тан Қазақстанға оралды, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Бұл туралы Sports.kz басылымы жазды. Қазіргі таңда спортшының елге оралуының нақты себебі ресми түрде айтылмады. 

Басылым мәліметінше, Елеусінов өзінің әлеуметтік желілерінде Астана қаласында жүрген сәттерінен бейнематериалдар жариялаған.

Данияр Елеусінов 2017 жылы кәсіби бокстағы мансабын бастау үшін АҚШ-қа аттанған болатын. Оның Америкадағы кәсіби дебюті 2018 жылдың 28 сәуірінде Нью-Йорк қаласында өтті. Сол жекпе-жекте ол америкалық боксшы Ноа Киддпен жұдырықтасты.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов әзірге бокстан Қазақстанның соңғы Олимпиада чемпионы. Ол 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. 

Еске сала кетсек, биыл шілде айында Елеусінов АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін бес жылдық үзілістен кейін өткізіп, филиппиндік Джеймс Бэйконды нокаутпен жеңді. Аталған айқас орта салмақ дәрежесінде (72,6 кг дейін) өткен.

Сондай-ақ наурыз айында Данияр Елеусінов UFC президенті Дана Уайтпен келісімшартқа қол қойғаны хабарланған еді. Сол кезде оның Уайт құрған жаңа бокс лигасында өнер көрсететіні күтілген. 

Фото: Getty Images