457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогында жүлде алды

Германияның Хинтерцартен қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев Германияның Хинтерцартен қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол ақтық сында 229,6 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.

Австрия спортшысы Юлиан Шмид (229,8) жеңіске жетсе, словениялық Рок Облак та 229,6 ұпай жинап, Васильевпен бірге екінші орынды бөлісті.

Бұған дейін қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савинье қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде үздік үштікке енген еді. Отандасымыз 250,7 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың жеңімпазы - польшалық Адам Нижник (268,3 ұпай), ал екінші орынға словениялық Эней Фалетич (266,1 ұпай) тұрақтаған еді.