Данил Васильев Польшадағы FIS жазғы Гран-при кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Шаңғымен трамплиннен секіруден ұлттық құрама спортшысы Данил Васильев Польшаның Висла қаласында өтіп жатқан Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) жазғы Гран-при кезеңінде төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
1-2 тамыз күндері Вислада FIS жазғы Гран-при жарыстары өтуде. Қазақстан атынан Данил Васильев пен Илья Мизерных өнер көрсетіп жатыр.
Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев екі секірудің қорытындысы бойынша 254,3 ұпай жинап, жүлдеден бір қадам ғана қалып қойды. Алғашқы үш орынды жапониялық Наоки Накамура (271,7 ұпай), австриялық Марко Вёргёттер (266,0 ұпай) және швейцариялық Грегор Дешванден (262,4 ұпай) иеленді.
Айта кетерлігі, финалдық кезеңде қазақстандық спортшы 132,5 метрге секіріп, жарыстағы ең ұзақ секірулердің бірі – екінші үздік нәтижені көрсетті.
Еске салсақ, Данил Васильев – 2023 жылғы Лейк-Плэсид Универсиадасының чемпионы, 2024 жылы Польшаның Закопане қаласында өткен FIS кубогы кезеңінің жеңімпазы, сондай-ақ 2025 жылы Вислада өткен FIS жазғы Гран-приі мен Германияның Хинтерцартен қаласындағы FIS кубогы кезеңінің күміс жүлдегері.
Фото: Instagram/ski_jumping.kz
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған