Дамир Исмағұлов жарақатынан кейін уақытша мүгедектер арбасына отыру мәжбүр болды
Белгілі қазақстандық файтер, UFC-дің бұрынғы үздік спортшысы Дамир Исмағұлов мүгедектер арбасында отырған күйінде байқалды. Бұл туралы ол әуежайдан түсірілген видеоны Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бейнежазбада спортшы мүгедектер арбасында отырып, әуежайдағы бақылау аймағынан өтіп бара жатқаны көрінеді. Оның аяғында арнайы тутор (аяқты бекітетін медициналық құрал) бар екені байқалады. Дамир видеоны тек жоғарыны көрсетіп тұрған бір ғана сәтпен шектеп жариялаған.
Жанкүйерлер спортшыға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазды. «Тезірек сауығып кет», «Жығылмаған адам - көтерілмейді, сен – жауынгерсің», «Біздің чемпион, біздің батыр», «Жаңа жылда күш-қуат тілейміз» деген пікірлер көптеп қалдырылған.
Айта кетейік, бірнеше апта бұрын Дамир Исмағұлов Мәскеуде өткен турнирде ауыр жарақат алған болатын. Ол BJJ ережесі бойынша Тибауға қарсы белдесу кезінде сүрініп, аяғын сындырып алған. Жекпе-жектен кейін спортшыны аренадан зембілмен алып шыққан еді.
Фото: ©REUTERS
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған