Мәзір
Жаңалықтар

Чехия Гран-приі: Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Сабина Асқарқызы 185 қаралым
Чехия Гран-приі: Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Брно қаласында (Чехия) көркем гимнастикадан Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Бұл беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, жарыс 12-14 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

Айбота Ертайқызы жақында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Алайда ол финалға жолдама ала алмады.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар