CAS эстондық бапкердің Олимпиадаға қатысуына рұқсат бермеді
Спорттық арбитраж соты (CAS) эстондық мәнерлеп сырғанаудан бапкер Раймо Рейнсалунің апелляциясын қанағаттандырмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол Халықаралық конькишілер одағының (International Skating Union) уақытша шеттету шешіміне қарсы шағым түсірген болатын.
Рейнсалу 7 ақпанда латвиялық спортшы, екі дүркін ел чемпионы Софья Степченко тарапынан физикалық және психологиялық қысым көрсетті деген айыптаулардан кейін ISU жарыстарынан уақытша шеттетілген. Спортшы бапкердің қысымы тамақтану бұзылысы мен депрессияға әкелгенін мәлімдеген.
Бапкер Олимпиадада литвалық мәнерлеп сырғанаушы Меда Варякайтені алып жүруі тиіс еді. Алайда CAS уақытша шеттету жазалау емес, «сақтық және қорғау шарасы» екенін атап өтті. Сот шешімінде бұл қадам кінәлілік презумпциясын білдірмейтіні, бірақ спорттың тұтастығын қорғауға бағытталғаны айтылған.
Осылайша, тергеу аяқталғанға дейін Рейнсалу Олимпиада ойындарына қатыса алмайды.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған