Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қарсаңында БҰҰ Бас Ассамблеясы Олимпиялық бітім туралы резолюция қабылдады, деп жазады malimsports.kz.
Келесі жылы қысқы Олимпиада мен Паралимпиада Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді. Осыған орай Бас Ассамблея спорттың қақтығыстар кезінде де халықтарды жақындастыра алатын күш екенін атап өтті.
Олимпиялық бітім дәстүрі б.з.д. IX ғасырда Древняя Грекияда басталып, қарсылас тайпалардың соғыстарды тоқтатып, спорттық ойындарды бейбіт өткізудің белгісі ретінде қабылданған. БҰҰ бұл дәстүрді 1993 жылы жаңғыртқан.
Қабылданған резолюцияға сәйкес, мемлекеттер Олимпиада басталардан жеті күн бұрын және Паралимпиада аяқталғаннан кейін жеті күнге дейін Олимпиялық бітімді ұстануға шақырылады. Сондай-ақ спортшылардың қауіпсіз қатысуын қамтамасыз ету және спорт арқылы бейбітшілік пен диалогты дамытуға қолдау көрсету ұсынылған.
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Кирсти Ковентри спорт пен саясатты ажырату қажеттігін, спортшылардың визалық кедергілерсіз жарыстарға қатысуы маңызды екенін атап өтті.
Еске салайық, биыл мамыр айында Ресей спортшылары 2026 жылғы Олимпиадаға жіберілмейтіні белгілі болды. Бұл шектеу Украинадағы соғыс басталғаннан кейін енгізілген.
Фото: Ашық дереккөзден