Будапешттегі Әлем кубогы: Қазақстан спортшылары іріктеу кезеңін аяқтады
Қазақстандық спортшылар қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Венгрияның Будапешт қаласында қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр.
Ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының сапында Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Әбдірайымов, Константин Сычев, Полина Андреева және Диана Щедрова өнер көрсетуде.
Жарыс аясында әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі өтті. Алайда қазақстандық спортшылар Полина Андреева мен Диана Щедрова жартылай финалдық кезеңге жолдама ала алмады.
Алда ерлер арасындағы іріктеу жарыстары өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары келесі кезеңге шығу үшін бақ сынайды.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған