457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Британдық блогер Сәтпаевтың «Челсидегі» мүмкіндігі туралы айтты

Бенсонның айтуынша, «Челси» бас бапкері Хаби Алонсо Лиам Делапты команда жоспарына қоспаған.

Британдық танымал блогер әрі инсайдер Джордж Бенсон Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челси» сапындағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бенсонның айтуынша, «Челси» бас бапкері Хаби Алонсо Лиам Делапты команда жоспарына қоспаған. Осы жағдай 17 жастағы қазақстандық шабуылшыға мүмкіндік беруі мүмкін.

«Бұл Сәтпаевтың биыл жазда «Челси» сапында өз мүмкіндігін алуына жол аша ма? Дастан командаға қосылып, қазір Кобхэмде басқа ойыншылармен бірге жаттығып жүр. Хаби Алонсо оны бақылап, дайындық деңгейін бағалай алады. Біз көрген кейбір кадрларға қарағанда, 17 жастағы жігіт физикалық тұрғыда өте мықты көрінеді. Ол Қазақстанда көптеген гол соқты. Әрине, бұл Премьер-лигада да дәл сондай нәтиже көрсететініне кепілдік бермейді. Оны Серхио Агуэромен салыстырып жүр. Егер Делап бапкердің жоспарына кірмесе, осы маусымда Сәтпаевты «Челси» құрамынан көруіміз мүмкін», - деді Бенсон.

Британдық инсайдер Сәтпаевтың өткен маусымда негізгі шабуылшыларды алмастырып жүрген Марк Гиу атқарған рөлге үміткер болуы мүмкін екенін атап өтті.

Қазір 20 жастағы испаниялық футболшы «Челси» сапында болғанымен, клуб оны қайта жалға беру немесе толықтай сату нұсқаларын қарастырып жатыр.

Ал Дастан Сәтпаев 1 шілдеде «Челсидің» Кобхэмдегі жаттығу базасына барып, маусым алдындағы дайындыққа қосылды. Қазақстандық футболшы жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен негізгі топта жаттығып жүр.

Клубтың бапкерлер штабы Сәтпаевқа толыққанды мүмкіндік бермек. Ол Англияда өтетін жабық бақылау матчтарына қатысып қана қоймай, халықаралық маусым алдындағы турнеге де аттануы мүмкін.

Фото: Sports.kz