457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысатын құрамалардың алғашқы легі Астанаға келді

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турниріне қатысатын командаларды қабылдай бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Елордаға әлемнің жетекші фиджитал және киберспорт ұжымдары келіп жатыр. Олардың қатарында халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Алдағы күндері Астана 50-ден астам елден келетін 800-ден аса спортшының басын қосып, дәстүрлі спорт, компьютерлік ойындар және заманауи технологиялар тоғысатын әлемдік фиджитал спорттың басты орталықтарының біріне айналады.

Елордаға алғашқылардың бірі болып Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасына қатысатын командалар келді. Олардың қатарында MINSK, Zagrebacki malisani NITUI, Vozdovac Belgrad, Dangerous Meridianbet, Flow Game Basketball және Латын Америкасындағы ең танымал спорт клубтарының бірі саналатын Boca Juniors бар. Аргентиналық клубтың баскетбол командасы елдің қазіргі екі дүркін чемпионы әрі Basketball Champions League Americas турнирінің жеңімпазы. Ал клубтың фиджитал құрамасы «Болашақ ойындары 2026» турниріне ұлттық іріктеуде жеңіске жету арқылы жолдама алды.

Алдағы күндері Астана турнирдің басқа дисциплиналарына қатысатын командаларды да қарсы алады. Олардың қатарында Xtreme Gaming, Vici Gaming, Team Falcons, Team Spirit, T1, Bigetron by Vitality, Twisted Minds, 17 Gaming, Aurora Gaming және The MongolZ сияқты әлемге әйгілі ұжымдар бар. Олар MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank, Phygital Shooter CS2 Presented by Yandex GO және өзге де дисциплиналарда бақ сынайды.

Қазіргі уақытта жарыс өтетін нысандарда соңғы дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Турнир аясында цифрлық матчтар мен дәстүрлі спорттық жарыстар интерактивті аймақтар және заманауи технологиялық шешімдермен толықтырылады.

Командалардың келуі турнирдің негізгі кезеңінің басталғанын білдіреді. Енді фиджитал және киберспорт жанкүйерлері бұған дейін тек халықаралық трансляциялар арқылы тамашалаған әлемдік деңгейдегі ойыншылар мен командалардың өнерін Астанада тікелей көре алады.

Айта кетейік, «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Турнир бағдарламасына физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін сегіз дисциплина енген.

 

Фото: ҚР ТСМ