«Болашақ ойындары – 2026»: 8 дисциплина бойынша чемпиондар белгілі болды
Астанада цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты тоғыстырған «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Он күнге созылған жарыс барысында елорда фиджитал спорттың халықаралық орталығына айналып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен жанкүйерлер бас қосты.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,65 миллион долларды құрады. Жарыс Қазақстанда фиджитал спортты дамытуға, жаңа спорттық бағыттарды қалыптастыруға және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген ірі жоба болды.
Биылғы додаға 34 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылар сегіз дисциплина бойынша бақ сынады. Олар – фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds.
Турнирді өткізуге елордадағы 4 нысан, 528 ойын техникасы және 500-ден астам ойын орны жұмылдырылды. Жарыстың ұйымдастырылуына 800 волонтер атсалысты.
«Болашақ ойындары – 2026» Қазақстанның туристік әлеуетін танытуға да айтарлықтай ықпал етті. Шетелден келген спортшылар, командалар, жанкүйерлер мен мамандар елдің тарихи-мәдени мұрасымен қатар, Қазақстанның заманауи технологиялық және халықаралық жобаларды жоғары деңгейде өткізуге қабілетті екенін көрді.
«Болашақ ойындары – 2026» жеңімпаздары:
Phygital Basketball
Wilders – $100 000
LIGA PRO TEAM – $60 000
Dangerous – $35 000
MOBA PC – Dota 2
PlayTime – $350 000
Yakult Brothers – $160 000
Team Resilience – $120 000
Phygital Dancing
Franco Vitali – $20 000
Lina – $15 000
Sergio Mayta – $10 000
Phygital Shooter – CS 2
Team KZ – $50 000
Liga Pro Team – $35 000
Minsk House – $20 000
Phygital Fighting
Archangel Michael – $100 000
NEFOR TEAM – $80 000
RCC – $70 000
Phygital Football
NS Team – $150 000
Quetzales-Armadillos – $85 000
FC Olympic Phygital – $50 000
MOBA Mobile – MLBB
Bigetron by Vitality – $315 000
ONIC – $144 000
Aurora Gaming – $108 000
Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS
17 Gaming – $300 000
GAM The Expendables – $120 000
Team Vitality – $100 000
Фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған