457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Боксшы Батыр Жүкембаев арнайы мәлімдеме жасады

Боксшы әлеуметтік желідегі X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазба жариялап, әділдіктің үстемдік құратыныны туралы айтты. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (24 жеңіс, 1 жеңіліс, 17 нокаут) пуэрторикалық Субриэль Матиастың (23-3, 22 нокаут) британдық Далтон Смиттен (19–0, 14 нокаут) WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады malimsports.kz

Жүкембаев әлеуметтік желідегі X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазба жариялап, әділдіктің үстемдік құратыныны туралы айтты. 

«Ақиқат әрқашан жеңеді, ал алаяқтар ешқашан ұтпайды! WBC-тің жаңа чемпионы Далтон Смитті құттықтаймын!», - деді ол. 

Еске сала кетейік, Астана уақытымен бүгін таңертең Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Далтон Смит бесінші раундта Субриэль Матиасты нокаутпен жеңіп, оның чемпиондық белбеуін тартып алған еді. 

Айта кетерлігі, жекпе-жекке дейін Матиастың остаринге оң допинг-сынама тапсырғаны белгілі болды. Алайда екі сынаманың да концентрациясы Нью-Йорк штатында жазалау қарастырылатын 0,1 нг/мл шекті мөлшерден төмен болғандықтан, ол титулын қорғауға жіберілді.

Батыр Жүкембаев бұған дейін, 2021 жылдың мамырында, дәл осы Субриэль Матиасқа қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіліп, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеген болатын. 

Фото: batyr_jukembaev