Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушылары Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерлерін аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында ел намысын қорғады. Ритмикалық биден кейін қазақстандық жұп 12-орында тұрған еді.
Еркін бағдарламада 84,95 ұпай жинаған Датиев пен Наурызова қос бағдарлама қорытындысы бойынша 137,34 ұпайға ие болып, жалпы есепте 12-орынды алды.
Жарыстың жеңімпаздары – АҚШ өкілдері Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (202,86 ұпай). Күміс жүлдені АҚШ құрамасынан Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс (194,72 ұпай) жеңіп алды. Қола медальді де АҚШ өкілдері Уна Браун мен Гейдж Браун (190,78 ұпай) еншіледі.
Фото: ҰОК