Биыл Қазақстан спортшылары қай жарыстарда бақ сынайды
6 ақпанда алауы тұтанатын ақ Ойындарды Италияның Милан мен Кортина-д-Ампеццо қалалары қабылдайды. Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты Миланда, жабылуы Веронада өтеді, деп жазады malimsports.kz.
Наурыз айында 14-ші Паралимпиада жалауын көтереді. Дүбірлі дода жоғарыда аталған Италияның қос қаласында өтеді. 6-15 наурыз күндері өтетін жарыста Қазақстан құрамасы екі спорт түрінен – пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан бақ сынауды жоспарлап отыр.
Жаз мезгілінде жаһан жұрты ала доп аламанына көз тігеді. Биыл футболдан әлем чемпионатын алғаш рет үш – АҚШ, Канада мен Мексика қабылдайды. 23-Әлем чемпионатында тағы бір тарихи оқиға тіркелмек. Бүкіл әлем көз тігетін байрақты бәсекеде тұңғыш рет 48 құрама өнер көрсетеді.
2026 жылы Африка аумағында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары өтпек.
Күн шығыс елі қыркүйек-қазан айларында ХХ Азия ойындарын қабылдайды. Сары құрлықтың басты бәсекесі Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жалауын желбіретеді. Биыл жазғы Азиаданың бағдарламасына 41 спорт түрі енген. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Сондай-ақ, еліміз бірқатар ірі жарыстардың орталығына айналмақ. Елордамыз жазда дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін «Болашақ ойындарының» астанасына болады. Онымен қоса, дзюдодан Гранд Слэм турнирі мен таеквондодан Гран-При жарысының финалдық кезеңін қабылдайды.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған