«Бір ауыз сөзімен мансабым тоқтайды»: Махачев Хабибке деген адалдығын көрсетті
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы және жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер Ислам Махачев мансабын қашан аяқтайтыны туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Махачев Weighing In подкастының қонағы болып, жаңа салмақ дәрежесіне ауысуы мен алдағы жоспарлары жайлы әңгімелесті.
Ол 77 келіге (жартылай орта салмаққа) өткеннен кейін орта салмаққа көтерілу жоспары жоқ екенін жеткізді. Сондай-ақ, жуырда 34 жасқа толған спортшы карьерасын қашан аяқтауы мүмкін екенін айтты.
Ислам Махачев Хабиб Нурмагомедовтің бір ауыз сөзіне қарап-ақ спорттағы жолын аяқтауға дайын екенін мәлімдеді. Ол не себепті Хабибтің кеңесіне құлақ асатынын түсіндірді:
«Хабиб мен үшін үлкен аға секілді. Егер ол ертең маған мансабыңды аяқта десе, мен сөзін тыңдаймын. Хабиб залдағы бізге қамқор болатын адам, әрдайым біздің жақсы болуымызды қалайды», - деді Ислам.
Фото: Ашық дереккөзден
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған