Мәзір
Жаңалықтар

Биіктікке секіруден Қазақстан рекордшысы Сергей Засимович өмірден өтті

Сабина Асқарқызы 142 қаралым
Биіктікке секіруден Қазақстан рекордшысы Сергей Засимович өмірден өтті

Биіктікке секіруден Қазақстан және Еуропа рекордшысы, даңқты спортшы Сергей Засимович өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ресми түрде мәлімдеді.

Федерация таратқан хабарламада Сергей Геннадьевичтің отандық жеңіл атлетиканың дамуына сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді.

«Отандық жеңіл атлетиканың дамуына өлшеусіз үлес қосып, өмірінің соңына дейін жас спортшыларды тәрбиелеуге бар күш-жігерін арнаған тұлға ел жадында мәңгі сақталады», — делінген көңіл айту мәтінінде.

Сергей Засимович 1962 жылғы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Ол биіктікке секіру бойынша КСРО кубогының екі дүркін чемпионы әрі жеңімпазы, сондай-ақ Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

1984 жылы Ташкент қаласында өткен халықаралық жарыста Сергей Засимович 236 сантиметр биіктікті бағындырып, сол кезеңдегі Еуропа рекордын жаңартты. Бұл нәтиже әлі күнге дейін Қазақстан рекорды ретінде тіркеліп тұр.

Сергей Засимовичтің есімі мен спорттағы жетістіктері қазақстандық жеңіл атлетика тарихында мәңгі сақталады.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар