457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибисара Асаубаеваның үміткерлер турниріндегі қарсыластары белгілі болы 

29 наурыз бен 15 сәуір к.ндері Кипрде шахматтан үміткерлер турнирі өтеді. Бұл жарыста Қазақстан атынан алғаш рет халықаралық гроссмейстер Бибисара Асаубаева бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

22 жастағы қазақстандық шахматшы блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанып, жас шахматшылар арасындағы рекордтарымен танылған.

Үміткерлер турнирінде ол әлемнің ең мықты жеті шахматшысымен кездеседі:

Чжу Цзиньэр (Қытай)

Александра Горячкина (ФИДЕ туы астында)

Дивья Дешмух (Үндістан)

Хампи Конеру (Үндістан)

Тань Чжунъи (Қытай)

Вайшали Рамешбабу (Үндістан)

Катерина Лагно (ФИДЕ туы астында)

Турнир 14 турдан тұратын айналмалы жүйе бойынша өтеді. Жеңімпаз қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен чемпиондық матчта кездеседі.

Айта кетейік, бұл додаға қатысу Бибисара Асаубаева үшін алғашқы тәжірибе болмақ. Жалпы жүлде қоры 300 мың еуроны құрайды.

 

 

Фото: Михал Валусы/FIDE.