Бибісара Асаубаева тұрмысқа шығу туралы ұсыныстарға жауап берді
Блицтен әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі «үйленейік» форматындағы хаттар жайлы пікір білдірді. Танымал шахматшы жеке өміріне қатысты сұрақтарға ашылып жауап бермейтінін айтып, көпшіліктің қызығушылығын одан әрі күшейткен қысқа мәлімдеме жасады.
Tengri Sport-қа берген сұхбатында Бибісарадан «Жүрегіңіз бос па?» деген сауал қойылған. Алайда чемпион бұл тақырыпты талқылаудан бас тартып, жеке өмірін көпшілік назарына шығарғысы келмейтінін жеткізген.
«Мен пікір білдіруден бас тартамын. Жеке өмір – мен үшін әзірге жеке болып қала береді. Менің жақын адамдарым бәрін біледі, ең бастысы – сол», – деген ол.
Дегенмен журналистер «Артық назарды азайту үшін бір ишара бересіз бе?» деп нақтырақ сұрағанда, Асаубаева қысқа ғана жауаппен шектелген:
«Жаза берсін. Интрига сақталсын», – деген мазмұнда жауап берген.
«Маған тұрмысқа шығасыз ба?» – ең жиі қойылатын сұрақ
Шахматшының айтуынша, оның парақшасына ең жиі келетін сұрақтардың бірі – «Маған тұрмысқа шығасыз ба?». Мұндай ұсыныстарға ол, әдетте, келісім бермейтінін аңғартқанымен, бұл жолы да нақты жауаптан қашқақтаған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде «Қарым-қатынаста жүрсіз бе?» деген сауалға Бибісара бір фото арқылы жауап бергені айтылған. Кадрда әйгілі Tiffany зергерлік үйінің қорабындағы Love сақинасы көрінген. Бұл деталь көпшіліктің қызығушылығын тудырып, түрлі болжамға себеп болған.
Болашақ серіктеске қоятын талабы қандай?
Асаубаева бұған дейін болашақ жарына қатысты көзқарасын да ашық айтқан. Оның сөзінше, ол ең алдымен адалдық пен тәртіпті, мейірімділікті және уәдеде тұра білуді бағалайды. Сонымен қатар, шахматшы әлеуетті серіктестің қаржылық тұрақтылығы да маңызды екенін жасырмай, «Сүйгенмен лашықта да жұмақ» деген түсінік өзіне сай келмейтінін меңзеген.
Бибісара Асаубаева 2025 жылдың соңында әйелдер арасындағы әлем чемпионатында блицтен үшінші рет топ жарып, Қазақстан шахматы тарихында ерекше жетістікке жетті. Бұл жеңіс оған әйелдер арасындағы Үміткерлер турниріне қатысу мүмкіндігін де ашқан.
Фото: instagram/@bibisarachess
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған