Мәзір
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева шахматтан 12-ші әлем чемпионын жеңді

Сабина Асқарқызы 65 қаралым
Бибісара Асаубаева шахматтан 12-ші әлем чемпионын жеңді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева кезекті маңызды жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті тізе бүктірді.

Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, аталған жеңіс 2027 жылы Вайссенхаус қаласында өтетін келесі әлем чемпионатына қатысуға кепілдік бергенін айтты.

Айта кетейік, Александра Костенюк – шахматтағы айтулы тұлғалардың бірі. Ол екі дүркін Ресей чемпионы (2005, 2016), Еуропа чемпионы (2004), Швейцария әйелдер чемпионы (2011–2015), Швейцария ерлер чемпионы (2013), әйелдер арасындағы алғашқы Әлем кубогының жеңімпазы (2021), сондай-ақ Фишер Рандом нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2006, 2008).

 

 

 

 

Фото: gov.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар