Қазақстанның 21 жастағы гроссмейстері Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен беделді FIDE Grand Swiss турнирінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол 11 партияның қорытындысы бойынша 7½ ұпай жинап, жалпы есепте үшінші орынды иеленді. Спортшы жүлде қоры есебінен $25 000 қаржы алды.
Соңғы турға дейін Бибісара әлемдік тәжге үміткерлер турниріне жолдама үшін күресті. Нәтижесінде ол тек қазіргі чемпион Вайшали Рамешбабу (Үндістан) мен бұрынғы әлем чемпионы Екатерина Лагноға (FIDE) жол берді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Үндістанның Гоа қаласында 21–30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында қазақстандық пара-шахматшылар 9 медаль жеңіп алған еді.
Фото: www.gov.kz