457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибісара Асаубаева  Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде чемпион атанды 

Жарысқа 4 елден жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қытай, Үндістан, Украина және Қазақстан) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысқан. 
Бибісараның қарсыластары Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - қазіргі әлем чемпионы, Чжу Цзиньэр (Қытай) - әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы, Хампи Конеру (Үндістан) - әлем шахматының белді өкілі, Анна Музычук (Украина) - «Norway Chess Women» турнирінің былтырғы жеңімпазы, 
Дивья Дешмукх (Үндістан) - әлем кубогының иегері. 
​Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.
Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз «Армагеддон» (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.

Фото: Ашық дереккөзден