457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибісара Асаубаева Norway Chess турниріндегі жеңісі үшін қомақты сыйақыңа ие болды

Аталған жарыстың жалпы жүлде қоры 1,6 миллион норвег кронын құраған.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева  Norway Chess турнирінде жеңіске жетіп, қомақты қаржылай сыйақыға ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz

Отандасымыз жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Осылайша, ол өз мансабында алғаш рет Norway Chess турнирінің жеңімпазы атанып отыр. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әйелдер және ерлер арасындағы турнирлердің жүлде қоры бірдей болған. Әр жарыстың жалпы жүлде қоры 1,6 миллион норвег кронын (83 миллион теңгеден астам) құрады.

Турнир жеңімпазына 700 мың норвег кроны көлемінде сыйақы қарастырылған. Соның нәтижесінде Бибісара Асаубаева шамамен 36,3 миллион теңге көлемінде жүлде қаржысын иеленді.

Айта кетейік, ерлер арасындағы Norway Chess турнирінде әлемнің үздік алты шахматшысы бақ сынауда. Ерлер додасының жеңімпазы соңғы тур қорытындысы бойынша анықталады.

Фото: ашық дереккөзден