Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирде көш бастап келеді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияда өтіп жатқан беделді Norwegian Chess Women жарысында сәтті өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің сегізінші турында отандасымыз үндістандық Дивья Дешмух үстінен басым түсіп, жалпы ұпай санын 15,5-ке жеткізді.
Осы нәтижеден кейін Асаубаева турнирлік кестедегі бірінші орнын сақтап қалды. Жарыстың аяқталуына екі тур қалғанда оның басты қуғыншысы — украиналық Анна Музычук, оның еншісінде 10,5 ұпай бар.
Көшбасшылар қатарында сондай-ақ қытайлық Чжу Цзиньер мен Дивья Дешмух (10 ұпайдан), ал қазіргі әлем чемпионы Джу Вэньцзюнь 9 ұпаймен орналасқан. Үндістан өкілі Хампи Конеру әзірге 8 ұпай жинады.
Келесі турда Бибісара Асаубаеваны турнирдегі басты қарсыластарының бірі Анна Музычукпен маңызды кездесу күтіп тұр.
Фото: instagram/kzchessfederation
Ең көп оқылған