Бибісара Асаубаева үлгілі ер адамның басты үш қасиетін атады
Қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Бибисара Асаубаева әлеуметтік желідегі жазылушыларының бірқатар сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның желіден ұзақ уақыт көрінбей кетуі көпшіліктің назарын аударған болатын.
«Мен әлеуметтік желілерден саналы түрде үзіліс алдым (тіпті ол аяқталды деп те айта алмаймын). Бұл уақытта отбасыммен көбірек болуға, спортзалға баруға, кітап оқуға және жаңа хоббилерді меңгеруге уақыт бөлдім. Маған өз-өзіңмен өмір сүру, өзгелермен салыстырмай, жақсы көрінуге ұмтылмау ұнайды», - деді Бибисара.
Шахматшының айтуынша, соңғы уақытта ол жалғыздықта, тыныштықта көбірек уақыт өткізуді жөн көреді. Жазылушылардың бірі Бибисарадан ер адамдағы ең маңызды қасиеттер туралы да сұраған.
«Парасаттылық, мейірімділік және уәдесінде тұра білу. Әрине, жақсы қасиеттер көп, бірақ мен үшін осы үшеуі ең маңыздысы», - деп жауап берді спортшы.
Айта кетейік, 21 жастағы гроссмейстер Бибисара Асаубаева жуырда Самарқандта өткен беделді FIDE “Үлкен Швейцарка” турнирін үшінші орынмен аяқтап, әлемдік шахмат тарихына есімін алтын әріппен жазды.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған