Мәзір
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісін тіркеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Үшінші турда ол Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді жеңді.

Бұған дейін Асаубаева турнирді Үндістан өкілі Вайшали Рамешбабуға қарсы тең нәтижемен бастаған, ал екінші турда ақ тастармен ресейлік Александра Горячкинамен тең түсті.

Төртінші турда қазақстандық шахматшы тағы бір қытайлық қарсылас – Тань Чжунъимен кездеседі.

Турнир Кипрде өтіп жатыр. Жарыс 16 сәуірде мәресіне жетеді.

Фото: ©instagram.com/kzchessfederation

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар