Бибісара Асаубаева FIDE шахмат тәжіне үміткерлер тізіміне қосылды
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) әлем чемпионы атағы үшін үміткерлер тізімін жариялады. Олардың арасында Бибісара Асаубаева да бар, деп жазады malimsports.kz.
Әйелдер мен ерлер арасындағы турнирлерге сегіз спортшыдан қатысады. Дүбірлі бәсеке Кипрдің оңтүстік-батысындағы Пафос қаласының маңындағы қонақүйде өтпек. Бұл турнир 29 наурыз бен 15 сәуір аралығына жоспарланған.
Ерлер арасындағы үміткерлер қатарында Андрей Есипенко (Ресей), Фабиано Каруана, Хикару Накамура (екеуі де АҚШ), Аниш Гири (Нидерланды), Маттиас Блюбаум (Германия), Вэй И (Қытай), Жавохир Синдаров (Өзбекстан) және Рамешбабу Прагнанандха (Үндістан) бар.
Ал әйелдер арасындағы үміткерлер тізіміне Қазақстан намысын қорғайтын Бибисара Асаубаева, Александра Горячкина мен Екатерина Лагно (Ресей), Чжу Цзиньэр мен Тань Чжунъи (Қытай), Дивья Дешмукх, Хампи Конеру, Рамешбабу Вайшали (Үндістан) еніп отыр.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған