457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибісара Асаубаева - FIDE-нің Үміткерлер турниріне жолдама алған тұңғыш қазақ шахматшысы 

Бүгін Кипрдің Пафос қаласында Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) әлем чемпионы атағына Үміткерлер турнирі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бәсекеге биыл алғаш рет Қазақстан өкілі - Бибісара Асаубаева қатысады. Жалпы турнирде әлемнің ең мықты 8 шахматшысы ойнайды. Қатысушылар құрамы:

1. Жу Цзиньэр (Қытай) — рейтингі 2578, 2024-2025 жылғы Гран-при сериясының жеңімпазы;
2. Александра Горячкина (FIDE) — рейтингі 2534, 2024-2025 жылдардағы Гран-при сериясының күміс жүлдегері;
3. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — рейтингі 2516, 2024-2025 жылдардағы FIDE Women’s Events турнирлер сериясының жалпы есебіндегі жеңімпазы.

4. Дивья Дешмух (Үндістан) — рейтингі 2497, 2025 жылы Батумиде (Грузия) өткен әлем кубогының жеңімпазы;
5. Хампи Конеру (Үндістан) — рейтингі 2535, 2025 жылғы әлем кубогының күміс жүлдегері;
6. Тань Жуньи (Қытай) — рейтингі 2535, 2025 жылғы әлем кубогының қола жүлдегері, 2017-2018 жылғы әлем чемпионы;
7. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) — рейтингі 2470, 2025 жылы Самарқанда (Өзбекстан) өткен FIDE Grand Swiss турнирінің жеңімпазы;
8. Катерина Лагно (FIDE) — рейтингі 2508, 2025 жылғы ФИДЕ Grand Swiss турнирінің күміс жүлдегері;

Төрт қатысушы осыған дейін әлем чемпионы атағы үшін матчтарға қатысқан. Хампи Конеру 2011 жылы Хоу Ифаньнан жеңілсе, Катерина Лагно (2018), Александра Горячкина (2020) және Тань Жуньи (2025) Цзюй Вэньцзюньге жол берген.

Турнир ережелері мен сыйақысы: Қатысушылар айналым жүйесі бойынша 14 тур өткізеді. Уақыт бақылауы - классикалық: алғашқы 40 жүріске 90 минут, содан кейін ойынның соңына дейін 30 минут беріледі (әр жүріс үшін бірінші секундтан бастап 30 секунд қосылады).
Сыйақы қоры - 300 000 еуро:
1-орын: 28 000 еуро;
2-орын: 17 000 еуро;
3-орын: 8600 еуро. Сонымен қатар, әрбір жинаған жарты ұпай (0,5) үшін ойыншыға 2200 еуро төленеді.

Жарыс 16 сәуірде мәресіне жетеді. Турнир жеңімпазы бірнеше айдан соң қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен (Қытай) матч өткізу құқығына ие болады.

 

Фото: Шахмат федерациясы