Мәзір
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева FIDE Circuit рейтингінде әлем көшбасшысы атанды

Сабина Асқарқызы 78 қаралым
Бибісара Асаубаева FIDE Circuit рейтингінде әлем көшбасшысы атанды

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Norway Chess турнирі аяқталғаннан кейін жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жаңартылған FIDE Circuit әйелдер рейтингінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева бірінші орынға көтерілді. Қазіргі таңда оның еншісінде 51,30 ұпай бар.

Қазақстандық спортшының рейтингтегі жоғарылауы Норвегияда өткен беделді турнирдегі жеңісінің нәтижесінде мүмкін болды. Екінші орында Қытай өкілі Чжу Цзиньэр орналасқан. Оның қоржынында 39,83 ұпай бар. Үздік үштікті 29,70 ұпаймен үндістандық Вайшали Рамешбабу түйіндеп тұр.

Ал ерлер арасындағы FIDE Circuit рейтингінде көш басында Өзбекстанның шахматшысы Нодирбек Абдусатторов қалды. Екінші орында оның отандасы Жавохир Синдаров орналасқан. Үшінші сатыда америкалық Фабиано Каруана тұр.

Айта кетейік, FIDE Circuit рейтингі жыл бойы халықаралық турнирлердегі нәтижелер негізінде қалыптасады және әлемнің үздік шахматшыларының көрсеткіштерін айқындайды.

Фото:  Norway Chess

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар