Мәзір
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева әлем чемпионатының финалына шықты

Сабина Асқарқызы 100 қаралым
Бибісара Асаубаева әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Қатардың астанасы Доха қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы блицтен әлем чемпионатының финалына шықты.

Әлем чемпионаты 26-30 желтоқсан аралығында өтуде. Жартылай финалда Бибісара Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді айқын басымдықпен жеңіп, үш партияда да қарсыласына мүмкіндік берген жоқ – 3:0.

Екінші жартылай финалда украиналық Анна Музычук нидерландтық Элин Руберстен 2,5:1,5 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Дохадағы әлем чемпионатына барлығы 393 шахматшы қатысуда. Ерлер арасында 19 тур, ал әйелдер арасында 15 тур швейцариялық жүйе бойынша ойналады. Екінші кезеңде үздіктер нокаут жүйесінде жартылай финал мен финалда бақ сынайды.

Жарыс 3+2 форматы бойынша өтеді (әр партияға 3 минут және әр жүріске 2 секунд қосылады). Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион еуродан асады.

Әйелдер арасындағы блицтен әлем чемпионатының финалдық кездесуі бүгін, 30 желтоқсанда кешірек өтеді.

Фото: gov.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар