457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Биатлоннан IBU кубогы: эстафеталарда Қазақстан атынан кімдер қатысады

Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді.

Бүгін Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді.

Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қиныбаева өнер көрсетеді.

Ал аралас жеке эстафетада Полина Егорова мен Никита Акимов Қазақстан намысын қорғайды.

Бұған дейін Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі өз мәресіне жеткен еді. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысып, Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.

Фото: ҰОК