Норвегияның Шушен қаласында өткен биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатында әйелдер арасында жеке жарыс өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған сайыста Қазақстан құрамасынан үш спортшы өнер көрсетті. Нәтижесінде:
Арина Крюкова — 64-орын
Кристина Титиевская — 92-орын
Мария Польдяева — 98-орын
Жарыстың алтын медалін Украина спортшысы Анастасия Меркушина жеңіп алды. Күміс жүлде италиялық Самуэла Комолаға, ал қола медаль Франция өкілі Вольдия Галмас Поленге бұйырды.
Фото: ҰОК