Мәзір
Жаңалықтар

Биатлоннан Әлем кубогы: спринтте қазақстандықтар жарысқа шығады

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Биатлоннан Әлем кубогы: спринтте қазақстандықтар жарысқа шығады

Бүгін Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың алғашқы күні спринт бәсекесіне арналады. Ерлер арасында Қазақстан намысын Александр Мухин, Владислав Киреев және Әсет Дүйсенов қорғайды. Ерлер спринті Астана уақытымен 15:30-да басталады.

Ал әйелдер арасындағы жарыста Дарья Климина, Айша Ракишева және Полина Егорова бақ сынайды. Әйелдер спринті 18:15-ке жоспарланған.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар