Мәзір
Жаңалықтар

Биатлоннан Әлем кубогы: ерлердің жеке жарысында Қазақстан атынан кімдер қатысады

Сабина Асқарқызы 110 қаралым
Биатлоннан Әлем кубогы: ерлердің жеке жарысында Қазақстан атынан кімдер қатысады

Бүгін Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК мәліметінше, жарыс бағдарламасындағы алғашқы сайыс – ерлер арасындағы жеке дода болмақ. 

Бұл жарысқа Қазақстан құрамасынан үш спортшы қатысады. Ел намысын
Владислав Киреев, Асет Дюсенов және Александр Мухин қорғайды.

Жарыстың басталу уақыты – Астана уақытымен 22:15.

Айта кетейік, Нове-Местода өтетін бұл Әлем кубогы кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғы кезең болып табылады. Бұған дейін Владислав Киреев пен Асет Дюсенов Қазақстанның Олимпиада құрамасына енген.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар