Мәзір
Жаңалықтар

Биатлоннан Әлем кубогі мен IBU кубогіне қатысатын спортшылар анықталды

Сабина Асқарқызы 79 қаралым
Биатлоннан Әлем кубогі мен IBU кубогіне қатысатын спортшылар анықталды

Биатлоннан халықаралық додаларда Қазақстан командасының намысын қорғайтын спортшылар тізімі ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Құрам 15-16 қараша күндері өткен Норвегия кубогінің нәтижелері мен жаттықтырушылар штабының шешімі негізінде анықталды.

Әлем кубогіне қатысатындар:

Ерлер құрамасы: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр.

Әйелдер құрамасы: Ольга Полторанина, Айша Рақышева, Генева Милана, Полина Егорова.

IBU кубогіне қатысатындар:

Ерлер арасында: Александр Мухин, Данил Червенко, Егор Гребенщиков, Ержанат Қуандық, Никита Акимов.

Әйелдер арасында: Дарья Климина, Адима Қуанышбекова, Лаура Киныбаева, Алина Скрипкина.

Алғашқы Әлем кубогі 29 қараша күні Швецияның Остерсунд қаласында басталса, IBU кубогі 4 желтоқсанда Австрияның Обертиллиах қаласында өтеді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар