Мәзір
Жаңалықтар

Биатлон: Қазақстан құрамасы эстафетадан нешінші орын алды

Сабина Асқарқызы 118 қаралым
Биатлон: Қазақстан құрамасы эстафетадан нешінші орын алды

Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан әлем кубогінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.

Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.

Бұған дейін Евгений Кошкин Норвегиядағы әлем кубогі кезеңінде алтыншы орын алды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар