Мәзір
Жаңалықтар

Биатлон: Чехиядағы Әлем кубогының ерлер арасындағы жекелей сайыс нәтижесі

Сабина Асқарқызы 90 қаралым
Биатлон: Чехиядағы Әлем кубогының ерлер арасындағы жекелей сайыс нәтижесі

Нове-Место (Чехия) қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды. Алғашқы жарыс күні аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК мәліметінше, бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан үш спортшы бақ сынады. Владислав Киреев 37-орынға тұрақтаса, Әсет Дүйсенов 70-орынға жайғасты. Ал Александр Мухин 75-орында мәреге жетті. Франциялық Эрик Перро жеңімпаз атанды. Оның отандасы Эмильен Жаклен екінші болып келсе, үздік үштікті Италия өкілі Лукас Хофер түйіндеді.

Бүгін әйелдер арасындағы жеке жарыс өтеді. Қазақстан құрамасынан Айша Ракишева, Милана Генева және Дарья Климина жарыс жолына шығады. Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар