457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бессайысшы Темірлан Әбдірайымов әлем кубогының іріктеу сынын сәтті бастады

Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы А біліктілік тобында өнер көрсетті.

Қазақстандық Темірлан Әбдірайымов Будапешттегі (Венгрия) қазіргі бессайыстан Әлем кубогы кезеңінде іріктеу сынынан сәтті өтті, деп хабарлайды malimsports.kz
Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы А біліктілік тобында өнер көрсетті. Ол жалпы есепте 1563 ұпай жинап, 34 қатысушының арасында алтыншы орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған халықаралық турнирдің жартылай финалына жолдама алуға мүмкіндік берді.
Осы топта жартылай финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық спортшы Лев Чувашов та бақ сынады. Алайда ол 1517 ұпаймен 18-орын алып, жекелей сындағы жарысты аяқтады.
Ал D тобында Константин Сычев 27-орынға, Кирилл Стадник 33-орынға тұрақтады. Олар да келесі кезеңге өте алмады.

Фото: ҰОК