Берік Уәли Елдос Сметовке семейліктер атынан 10 млн теңге берді
Семейде дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Абай облысында алғаш рет ұйымдастырылған дзюдодан Қазақстан чемпионатына облыс басшылығының арнайы шақыруымен әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген дзюдо шебері, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов келді.
Аймаққа келген спортшыны облыс әкімі Берік Уәли қабылдап, оның жастарға үлгі боларлық еңбегін ерекше атап өтті.
«Қазақстан дзюдосының символына айналған азаматтың Абай еліне келуі – жас спортшылар үшін зор мотивация. Оның қатысуы жарыстың деңгейін көтеріп қана қоймай, әрбір спортшыға үлкен мақсаттарға ұмтылудың маңызын көрсетеді», – деді өңір басшысы.
Берік Уәли даңқты спортшыға өңір жұртшылығы атынан құрмет көрсетіп, 10 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Фото: abaiaqparatkz
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған