Доха қаласында (Қатар) өткен Азия чемпионатында Қазақстанның стенд атудан ұлттық құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық спортшылар ересектер де, жастар құрамасы да бір мезгілде жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.
Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, бұл жетістік ерекше маңызды, себебі стенд ату – олимпиадалық спорт түріне жататын дисциплина. Мұнда бәсекелестік деңгейі өте жоғары, ал әрбір жеңіс – көпжылдық еңбек, темірдей тәртіп пен шынайы спорттық мінездің нәтижесі.
«Жарыс барысында қазақстандық спортшылар үш бірдей әлемдік және Азия рекордын жаңартты. Бұл – ұлттық мектептің дайындық деңгейінің биік екенін және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді. Бұл табыс – федерацияның жүйелі жұмысының, бапкерлер штабы мен спортшылардың бірлескен еңбегінің, тәртіптің, мінездің және ортақ мақсатқа деген сенімнің жемісі. Құраманы лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймын. Алға Қазақстан!» – деп жазды Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге салсақ, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Фото: ҚР Бас прокуратурасы