457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Белорусь мотошабандозы құздан құлап тірі қалды

Оқиға Ресейдің Геленджик қаласында болған.

Беларусь мотошабандозы Артем Кунцевич Геленджиктегі жаттығу кезінде биік жартастан құлап, аман қалды, деп жазады malimsports.kz

Көп дүркін Беларусь чемпионы Артем Кунцевич оқу-жаттығу жиыны барысында қауіпті оқиғаға тап болғанын әлеуметтік желіде хабарлады. Оқиға Ресейдің Геленджик қаласында болған.

14 наурыз күні, жаттығудың үшінші күнінде спортшылар тік жартасты жағалауға барып, құзды беткей арқылы жоғары көтерілмек болған. Соңғы әрекеттердің бірінде Кунцевич тепе-теңдігін жоғалтып, бірнеше ондаған метр биіктіктен тасқа толы жағажайға құлап кеткен.

«Кеше мен дәл осы жерде қаза табуым мүмкін еді. Ең жоғарғы нүктеден төмен сырғып түстім, артымнан мотоцикл ұшып келе жатты. Қалай аман қалғанымды білмеймін - құлау жылдамдығы өте жоғары болды», - деді спортшы.

Оқиға салдарынан Кунцевич қолын сындырып, денесінің түрлі жерінен көптеген жарақат алған. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп жоқ екені белгілі болды. 

Фото: kuntsevich_10 / Instagram