Мәзір
Жаңалықтар

Бекзат Алмаханның UFC-дегі кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сабина Асқарқызы 352 қаралым
Бекзат Алмаханның UFC-дегі кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық UFC жауынгері Бекзат Алмахан (12-2) 22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде испаниялық файтер Александр Топуриямен (6-1) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қарсыласу UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Алмахан соңғы рет мамыр айында Монреалда (Канада) өткен UFC 315 турнирінде өнер көрсетіп, бірінші раундта канадалық Брэд Катонуды (14-5) нокаутпен жеңген еді.

Александр Топурия биыл 22 ақпанда Сиднейде өткен UFC 312 турнирінде жергілікті файтер Колби Тикнестен басым түсті.

Айта кетейік, Александр — жеңіл салмақтағы UFC чемпионы әрі P4P рейтингінің көшбасшысы Илия Топурияның туған бауыры.

 

Фото: әлеуметтік желіден

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар