Бекзат Алмахан ММА маманын ерекше таң қалдырды
Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com редакторы, ММА саласындағы белгілі инсайдер Марсель Дорфф Sports.kz сайтына берген пікірінде Бекзат Алмахан (12-2) мен грузин спортшысы Александр Топурия (6-1) арасындағы алдағы UFC жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп жазады malimsports.kz.
Маманның айтуынша, бұл кездесу өте тартысты өтеді.
«Бұл — қызықты қарсыластық. Менің ойымша, өте шиеленісті айқас болады. Бекзат UFC-дегі өнерімен маған жақсы әсер қалдырды. Александр да жақсы дебют жасады, бірақ аса әсерлі болды деп айта алмаймын. Сондықтан бұл өте-өте күрделі, тартысты жекпе-жек болмақ», — деді Марсель Дорфф.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан мен Александр Топурияның жекпе-жегі 22 қараша күні Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night 265 турнирінде ұйымдастырылады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған