457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бейбіт Жұқаев Мексика турнирін сәтті бастады

Шешуші үшінші партияда Бейбіт жеңісті жұлып алды.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 353-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Сан-Луис Потоси (Мексика) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, Ақтау теннис мектебінің түлегі алғашқы айналымда әлемнің 491-ракеткасы, франциялық Робин Катриге тап келді. Бірінші партияда қарсыластар брейкпен алмасқаннан кейін тай-брейкте Жұқаев әбжілдік танытты – 7:6 (9:7).

Екінші сетте Катри айқын басымдылық көрсетті – 6:1. 

Шешуші, үшінші партияда Бейбіт жеңісті жұлып алды – 6:4. Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жұқаев 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Катри 11 эйс, 6 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 387-ракеткасы, канадалық Дэн Мартинмен таласады. 

Соңғы кезде сәтсіздікке ұшырап жүрген қазақстандық теннисші кеше жаңартылған ATP рейтингісінде 302-ден 353-ке құлдыраған болатын. Сондықтан рейтингілік ұпай жинау үшін барынша табысты өнер көрсету маңызды. 

Фото: ҚТФ