457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бейбарыс Қаблан таеквондодан әлем чемпионы атанды

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ.

Қазақстан спортшысы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды. Отандық Финалда ол Оңтүстік Коея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын, жартылай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті.

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

Фото: ҚР таеквондо федерациясы