457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Баходир Жалолов Ресейде алғаш рет кәсіби жекпе-жек өткізеді

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов алдағы жекпе-жекке байланысты пікір білдірді.

Өзбекстандық танымал боксшы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов алдағы жекпе-жекке байланысты пікір білдіріп, Санкт-Петербургтегі жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтіп отырғанын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

6 қазан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін «IBA Pro 10» кәсіби бокс турнирінде Жалолов ресейлік Виталий Кудуховпен (7-3, 3 KO) шаршы алаңға шығады. Бұл – өзбек боксшысының Ресейдегі алғашқы кәсіби жекпе-жегі болмақ.

«IBA Pro турниріне қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Құдай қаласа, жанкүйерлерге әдемі жекпе-жек сыйлап, өзімнің әлеуетімді толық көрсетемін. Санкт-Петербургте өзбектер көп. Олар мені қолдауға келеді, мен де бар күшімді салып, тамаша өнер көрсетемін», – деді Жалолов жекпе-жек алдындағы мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Жалолов соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде Астанада жұдырықтасып, украиналық Игорь Шевадзукскийді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Бұған дейін ол АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Мексика және БАӘ ареналарында жекпе-жек өткізген.

Ал оның қарсыласы, ресейлік Кудухов биыл тамызда Екатеринбургте өткен кездесуде Вартан Арутюняннан ұпай санымен жеңілген еді.

Фото: Kun.uz