Мәзір
Жаңалықтар

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмутова Лахордағы Президент кубогы турнирінде топ жарды 

Сабина Асқарқызы 47 қаралым
Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмутова Лахордағы Президент кубогы турнирінде топ жарды 

Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан таеквондодан G-3 санатына жататын дәстүрлі World Taekwondo Президенті кубогында Қазақстан командасының қоржынына 2 алтын медаль түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Назым Махмутова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ох Сенгюді (2:0), финалда Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, -73 кг салмақта алтыннан алқа тақты.
Ал отандасымыз Батырхан Төлеуғали (-87 кг) финалда Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты ұтып, жеңімпаз атанды. Батырхан бүгін жарыс барысында Оңтүстік Корея, Таиланд пен Өзбекстан өкілінен басым түсті.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құрама еншісінде 3 қола медаль болған. Бүгін Қазақстан жарысты 2 алтын, 3 қола жүлдемен аяқтады. Биыл додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар