Мәзір
Жаңалықтар

Батуттағы гимнастикадан әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды

Сабина Асқарқызы 113 қаралым
Батуттағы гимнастикадан әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды

Алкмар қаласында (Нидерланд) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Батутта секіру сайысында Қазақстан құрамасы сапында үш спортшы өнер көрсетеді. Құрамаға Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов енді.

Әлем кубогының кезеңі 12-13 наурыз аралығында өтеді. Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Роман Барков сегізінші орын алған еді.

Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші орынға тұрақтады.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар